Версия для печати

АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР ҚЫСҚА ДАЙЫН БА? Избранное

Пятница, 23 Октябрь 2020 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1985 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте қысқа дайындық жұмыстары басталды. Биыл қала тазалығы үшін 20 жаңа техника, 4 газель сатып алынған. Жалпы қазіргі таңда мекеме балансында 258 дана техника бар. Оның ішінде 208-і арнайы техника болып есептеледі.

814

 

Жыл соңына дейін тағы 30 дана қоқыс шығаратын техника, 10 дана Камаз сатып алынады екен. Сонымен қатар, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мекемесінің базасында 12130 м3 инертті материалдар жиналған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 20000 текше метрге жетеді.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы техникалардың қысқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мекемесінің техникалық базасын аралады.
«ЛТД Тұрмыс» ЖШС автотранспорт бөлімінің басшысы Асхат Әбдірешевтің айтуынша, мекемеде 68 дана қар тазалайтын техника бар. «Техникалар қыз мезгілінде қала аумағын қардан тазалауға сақадай дайын. Мекеме шаһардағы 299 көшені 25 бағытта тазалайды. Машиналар өткен жылы сатып алынды. Біздің мекемеден өзге қалада тазалық жұмыстарымен 4 компания айналысады, – дейді ол.
Арнайы техникалардың жағдайымен танысқан қала әкімі сала басшыларына қыс мезгіліне 100 пайыз дайын болуды тапсырды.
Одан өзге, қала әкімі күзгі отырғызылатын ағаш-көшеттерді көрді. Атап айтқанда биыл қалада 100 дана - қарағай, 60 дана - Қырым қарағайы, 40 дана - көк шырша, 18000 дана - жай жапырақты ағаш, 50000 дана - лигуструм бұтақшалары, 36000 дана - раушан гүлдер, 60 дана - бозарша егіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.