Версия для печати

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЫЛУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ Избранное

Среда, 28 Октябрь 2020 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1681 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес, қалада жылу маусымы 15 қазаннан басталды. Бүгінде шаһардағы 252 білім беру мекемесі 100 пайыз жылумен қамтамасыз етілді.

621

 

Шымкент қаласының білім беру мекемелері қысқы жылу маусымына толық дайындалды. 120 білім мекемесі «Қуатжылуорталығы-3» МКК арқылы, 124 білім ордасы жеке қазандықтан жылытылады.
Бүгінде жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін мекеме саны – 17, сұйық отынмен жұмыс істейтіндер саны – 3. Білім басқармасы мамандарының айтуынша, 17 мекемеге 4 701 тонна қатты отын, 3 мекемеге 190 тонна сұйық отын сатып алынып, білім беру ұйымдарына толық жеткізілді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап қаланың жылу жүйелерін сумен толтыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйелері сумен түгелдей толтырылған.
Жылу жүйесінде қандай да бір мәселе туындаса сервистік мекемелерге ескерту жасауыңызға болады.
Аудан әкімдіктерінде диспетчерлік байланыс нөмірі жұмыс істейді.
Абай ауданы: 39-02-00
Әл-Фараби ауданы: 54 - 96 -54, 39-02-01
Еңбекші ауданы: 39-01-96, 43-31-09
Қаратау ауданы: 39-06-00, 77-45-63
Шымкент қаласы әкімдігінің диспетчерлік қызмет нөмірі: 24 -72-99.
«Қуат жылу орталық-3» МК: 44- 81- 89.

Последнее изменение Среда, 28 Октябрь 2020 04:25
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.