Бүгінде аталған көпқабатты тұрғын үйлердің 39-ында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 17 тұрғын үйде жұмыстар әлі де жалғасуда. Ал қалған 14 көпқабатты үй тұрғындардың өз есебінен жүргізіліп қойғандықтан жөндеу жұмыстарынан бас тартқан.
Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, қаладағы тұрғын үйлердің лифтілерін ауыстыру бойынша да жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл соңына дейін 6 көпқабатты тұрғын үйдің (Әл-Фараби алаңы №1А, Желтоқсан көшесі №32, Тәуке хан даңғылы №32, Терешкова көшесі №50А және Темірлан тас жолы бойында орналасқан №1, 1А үй) 12 лифт қондырғысы ауыстырылатын болады.