Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Бұқара қаласы әкімінің орынбасары Камал Давроновпен бейне-байланыс арқылы тілдесіп, келісімге қол қойды.
Аталған меморандум екі жақты достық қарым-қатынасты нығайтып, алдағы уақытта туризмді дамытуда бірлесе жүйелі шаралар қабылдауға септігін тигізетін болады. Меморандум шеңберінде пандемиядан кейінгі кезеңде ортақ туристік өнімдер әзірлеп, оларды ішкі және халықаралық туристік нарыққа таныту, жарнамалық-маркетингтік компаниялар жүргізу және екі өңірдің туристік индустриясын дамытуда тәжірибе алмасу жоспарлануда.
Сонымен қатар, меморандумды жүзеге асыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.