«Төлеммен» төлеп жүрсіз бе? Избранное

Пятница, 30 Октябрь 2020 03:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1901 раз

Мен мінген 27 бағыттағы автобус Т.Айбергенов көшесінен Республика даңғылына бұрылып барып аялдамаға тоқтағаны сол, даусы саңқылдаған бір жігіт мінді. Шыны керек, «Құрметті жолаушылар....» дегенді естісем де мойын бұрып қарамадым. «Төлем» картасы туралы не білесіздер? Алғандарыңыз бар ма? Алмасаңыздар қымбатқа алып алданып қалмаңыздар.

706

 

Мұның құны 500 теңге. 1 қарашадан бастап осымен жолкіре төлей бересіздер....» деп аса пайдалы әңгіме айтып жатқанда барып әлгі жігіттің даусы шыққан жаққа бажайлап қарадым. Жап-жас жігіт. Автобустың ана басынан мына басына керек кеңес айтып жүріп келе жатыр. Арасында «Маска тағамыз. Маскаңызды көтеріп, жөндеп тағып алыңыз» деп қояды. Жекімейді. Даусының өзі жағымды. Ескертіп жүр.
–«Төлем» сатып алдым ғой... қазірден осыны қолдана берсек бола ма?
–Әрине болады. Ішінде ақшасы болса болды. Каспий голд арқылы ақша салуға да болады.
Қасына жақындағанда білмегенін сұрап алып жатқан жолаушылар осылайша екі аялдама мына жігіттің пайдалы кеңесін тыңдап барды. Қалтамдағы «төлем» картасын алақаныма қысқан күйі мен тұрдым. «Осыны бір пайдаланып көру керек еді...» деген ой тұр миымда. Алақтап жан-жағыма қарап едім, мен мінген автобуста «Төлеммен» төлейтін қондырғы әлі орнатылмаған екен.
Менің алақтағанымды әлгі жігіт сезіп қойды. «Орнатылады...» деді езуі жиылмай. Маған қарап тұр екен.
Керемет, я?! Білмегеніңді түсіндіріп жүр. Сізді білмеймін, мен мына жігітке сенгім келді. Алматыда «Оңай» шыққанда біраз айқай болғанын естідік қой. Түптеп келгенде сол «Оңай» жүзеге аса бастағанда-ақ, автопарктерден бюджетке түсуі тиіс түсім бөлігі артты дейді мамандар. Жолкіренің өзінен көлеңкелі бизнес жасап алған пысықтар бар болып тұр ғой. Яғни, біздің «Төлем» арқылы төлегенімізден ертең-ақ білінеді, жолаушылар тасымалы шын мәнінде қаншалықты пайда тауып отырған сала екені.
#Менің_Шымкентім-де күнде бір жаңалық. Күнде бір өзгеріс. Рахат. Өмір сүру қызықты да қолайлы.