ЖОЛАЙРЫҚ жол қозғалысын жеңілдетеді Избранное

Пятница, 30 Октябрь 2020 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1809 раз

Шымкент жылдан жылға көркейіп, соған сай тұрмысы да, тынысы да кеңи түсуде. Көлік саны артып, көше қозғалысы күрделене түскен бүгінгі күні шаһардың кең даңғылдарының өзінде кептеліске түсетін кездер көбейіп барады. Сол проблеманы шешудің бір жолы ретінде қаладағы Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында жолайрық салу мақсатында қызу жұмыстар жүргізілуде. Жоба биылғы жылдың қазан айында басталып, келесі жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.

717

 

Жобаның бас мердігері - «Bazis Construction» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Саулет-SKB» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Акмол Тех Надзор» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
Қазіргі уақытта нысанда жасыл желектерді қайта отырғызу, газ, су құбырларының орларын қазу, жалпы саны 105 темірбетонды қадалар орнын бұрғылау, арматурамен өрілген қаңқалар орнату және бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Темірбетонды қадаларды салудағы мақсат, Қонаев даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйден топыраққа түсетін жүктемелерді ұстау болып табылады. Жобаға сәйкес Қонаев даңғылы бойында ұзындығы 540 м құрайтын тоннель салынатын болады.
Бұл да болса жүргіншілердің көшедегі қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығына елеулі жағдай туғызатыны ақиқат.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.