ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ Избранное

Пятница, 20 Ноябрь 2020 03:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1911 раз

Шымкентте Covid-19 пандемиясына қатысты жағдай тұрақты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында осылай деп мәлімдеді.

832

 

Мұрат Дүйсенбекұлы қала аумағында індеттің ықтимал екінші толқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
– Бүгінде Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында сақтық шарасына қатаң назар аударып отырмыз. Таяуда медициналық ұйымдарға өкпені жасанды желдетуге арналған 126 дана құрылғы жеткізіліп, жалпы саны 612-ге жеткізілді, – деді қала әкімі.
Денсаулық саласын дамыту мақсатында Шымкентте қосымша 3 оттегі станциясын орнату жұмысы аяқталды. Оның екеуі қалалық инфекциялық ауруханада болса, біреуі №3 аурухана базасында орнатылады. Бұған қоса ауруханаларда 717 оттегі нүктесі мен сұйық оттегіге арналған 9 резервуар орнатылған.
Қала әкімі, сонымен қатар, медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры жасақталғанын атап өтті.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.