Ресейлік компаниямен әріптестік нығайды Избранное

Пятница, 20 Ноябрь 2020 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1863 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ресейлік «Технониколь» компаниясының өкілдерімен кездесті. Мұрат Дүйсенбекұлы кездесуде трансұлттық компанияның «Энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын заманауи зауыт құрылысы» инвестициялық жобасымен танысты.

838

 

Аталған инвестициялық жобаның құны – 22,5 миллиард теңге. Компания өнімнің 20 пайызын Орта Азия, Қытай және Иран елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.
Technonikol – бұл құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын ресейлік трансұлттық компания. Компания нарыққа алдыңғы қатарлы ең жаңа технологиялар бойынша дайындалған өнімдерін ұсынады. Бүгінде кәсіпорынның әлемнің 6 елінде (Ресей, Беларуссия, Литва, Италия, Ұлыбритания, Германия) 53 өндіріс орны бар, өнімдері 95 елге жеткізіледі.
Атап айтқанда, ресейлік кәсіпкерлер битум-полимер материалдары, минералды мақта, композиттік плиткалар және т.б., материалдар өндірісімен айналысады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.