Шымкентте ауа температурасы күрт төмендеп, қар жауды. Таң азанымен коммуналдық мекеме қызметкерлері қар тазалау және көктайғақты болдырмау жұмыстарына кірісіп кетті. Бұл мақсатта 5 мекеме күшейтілген кестеде жұмыс істеді. Қар тазалауға 600-ден астам жұмысшы, 101 техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта коммуналдық мекемелер 32 бағыт бойынша жұмыс істеп, көктайғақтың алдын алу үшін 721 текше метр инертті материал себілді.
Сондай-ақ, қала көшелеріндегі аяқжолдар, аялдамалар, әлеуметтік нысан аумақтары қардан тазартылды.