Версия для печати

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША 2 ОРЫНДА Избранное

Пятница, 15 Январь 2021 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2614 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Бұл ретте қалаға тартылған инвестиция көлемінің тұрақты өсімі байқалады. Осы жөнінде сейсенбіде өткен Үкімет отырысында белгілі болды.

519

 

Мәселен, өткен жылы шаһардың экономикасына тартылған қаражат көлемі 278,5 млрд теңгені құрап, 40,9 пайызға артты. Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен - 124,1 млрд теңге, жеке көздерден - 154,4 млрд теңге. Осылайша, былтырғы жылы қалаға тартылған инвестиция көрсеткіші бойынша Шымкент елімізде екінші орынға ие болды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020-2025 жылдар аралығында құны 1,4 трлн теңгені құрайтын 157 инвестициялық жобаның базасы әзірленген. Оның ішінде өткен жылы шетелдік инвесторлардың қатысуымен 13,1 млрд теңгеге 350 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз еткен 5 жоба іске асырылды.
Қалада инвестициялық жобаларды бақылау мен мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру мақсатында пилоттық режимде «Жобалық басқару кеңсесі» жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған Үкімет» фронт-офисі ашылып, шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банктер тарапынан 35 млрд теңге несие берілген.
Айта кетейік, қазір мегаполисте 72 мыңнан астам бизнес субъектісі бар, онда 160 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесі 28,4%-ды құрайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.