ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА Избранное

Пятница, 15 Январь 2021 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2219 раз

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары Әл-Фараби ауданы Қазыбек би көшесі, 27 А жер теліміндегі құрылыс нысанына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлік нысан қаладағы тарихи білім ордасы – М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы жанынан салынған.

513

 

Жеке кәсіпкер құрылыс жұмыстарын заңға қайшы, яғни құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды бұза отырып жүргізгені анықталды. Аталған жер телімі шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатады.
Басқарма мамандары тарапынан кәсіпкерге заң талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде өз есебінен құрылыс нысанын ерікті бұзуға шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта нысанды бұзу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аталған жер телімін Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына Қазақстан Республикасы жер Кодексі талаптарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алуға ұсыныс хат жолданған.
Айта кетсек, бүгінде қаладағы заңсыз құрылыстар қатаң бақылауда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.