Версия для печати

«ЖҰЛДЫЗ» ең мықты жобаның бірі болады Избранное

Пятница, 15 Январь 2021 04:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1144 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжілісте қаладағы индустриалдық, агроиндустриялық және көлік-логистикалық аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтардың өткен жылы атқарылға қызметтері мен алдағы даму жоспары талқыланды.

515

 

Атап айтқанда, «Жұлдыз» индустриалды аймағын құру, «Оңтүстік», «Тассай» индустриалды аймақтары мен көлік-логистикалық аймағын дамыту, «Бозарық» агроиндустриялық аймағы бойынша мәселелер қаралды.
2020 жылы Шымкентке 278 млрд. теңге инвестиция тартылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 40%-ға артқан. Биылғы жоспарды 315 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр.
– Инвестиция тартудың бірден-бір жолы – индустриалды және арнайы экономикалық аймақтарды дамытып, инвесторларға қолайлы жағдай жасау, инвестициялық мүмкіндіктерді барынша қалыптастыру. «Жұлдыз» индустриалды аймағы қаламыздың тарихындағы ең мықты жобалардың бірі болмақ. Инженерлік инфрақұрылым жүйелерін (электр қуаттылығы және сапалы газбен қамту) сапалы орнатуды тапсырамын. Қажетті инфрақұрылымдар бойынша жобалау-сметалық құжаттама мен сараптамалық қорытынды алынып, тиісті бюджеттік өтінім берілуі тиіс. Келешектегі даму жоспарлары бойынша инфрақұрылым жүйелері қазірден мықтап қолға алынуы керек, – деді қала әкімі.
Шаһар басшысы 306 га жер учаскелерін толығымен мемлекет мұқтаждығына қайтарып, инвесторларға дайын өндіріс паркін (Brownfield, Greenfield) құру бойынша ұсыныстар енгізуге, 50 жаңа жобаны қолға алуға тапсырма берді. Сондай-ақ, аймақтың болашақ жоспарларын қазірден дамытып, барлық жобаларға дайын болу керектігін айтты.
«Жұлдыз» индустриалды аймағындағы инженерлік инфрақұрылым жүйелері құрылысын маусым айында бастау жоспарланған. Бүгінде 260 га жер учаскесі мемлекет мұқтаждығына қайтарылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.