2021 ЖЫЛЫ 36 БАҒЫТ СУБСИДИЯЛАНАДЫ Избранное

Среда, 20 Январь 2021 03:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1123 раз

Үшінші мегаполисте барлық тұрғын алаптар мен шағынаудандарды қамтитын жаңа бағыттар желісі әзірленіп, бекітілді. Бүгінде қалада 68 бағыт қызмет көрсетеді.

562

 

Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасына сәйкес, бағыттардың саны 78-ге дейін артады. Сызба бойынша қаланың барлық бөліктерін жолаушылар бағыттарымен байланыстыратын 6 HUB анықталды.
Бүгінде шаһардың тұрғын алаптары қоғамдық көліктермен қамтылып, бірқатар мәселелер оң шешімін тапты. Атап айтқанда, Солтүстік саяжай шағынауданына (№ 108а жаңа автобус), Қайнарбұлақ (саяжай) шағынауданы (№ 70 автобус), Құрсай шағынауданы (№ 21 автобус), Ынтымақ- 2 шағынауданы (№55 автобус), Асар, Ақжайық шағынауданы (№108 автобус), Жалын, Жұлдыз, Қарабастау тұрғын алабы (№191 автобус), Агроферма шағынауданы (№96 автобус) және Қайтпас шағынауданына (№42 жаңа автобус) жаңа автобустар қатынауда.
Биыл әлеуметтік маңызы бар бағыттар субсидияланбақ. 2020 жылы 5,7 млрд теңгеге 28 бағыт субсидияланған. 2021 жылы 36 бағытқа (9,3 млрд теңге) субсидия төленеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.