КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТУДА Избранное

Среда, 27 Январь 2021 04:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2527 раз

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы халық алдында есеп берді. Аудан әкімінің есебі карантин талаптарына байланысты коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында онлайн түрде өткізілді.

580

 

Аудан әкімі өз баяндамасында халықпен тиімді байланыс орнату, әлеуметтік көмек және мемлекеттен берілетін жәрдемақылар, «Халық қатысатын бюджет» жобасы, білім және денсаулық саласы, ауданға тартылған инвестиция көлемі, көшелерге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары, жарықтандыру мен инфрақұрылым мәселері бойынша айтып өтті.
Ғабит Патшаханұлының мәлімдеуінше, ауданда кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген азаматтарға «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Жалпы, Әл-Фараби ауданында өткен жылы «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы аясында 103 азамат өз кәсіптерін ашып, жұмысын жүргізуге мүмкіндік алған.
Өткен жылдың қаңтар айында ауданда 24 ірі кәсіпкерлік нысанның құрылысы басталса, жыл соңына дейін 13-і іске қосылған. Қазіргі таңда 11 нысанда құрылыс жалғасуда. Ауданда құрылыс үшін тартылған инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрап отыр.
Қазіргі таңда ауданда «Орталық қырғы базар» мен «Дархан» базарын қайта жаңғырту үшін күрделі құрылыс жұмысы жүргізілуде. «Дархан» базары жыл соңында пайдалануға беру жоспарланған. Құрылысқа «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен 100 млн теңге субсидия бөлінген.
Сонымен қатар, Ғабит Мәуленқұлов алдағы уақытта қала әкімінің бекіткен 2021-2025 жылдар аралығындағы ауданның даму жоспарына сәйкес жұмыстар сапалы атқарылатынын мәлімдеді.
Мұнан бөлек, есепті кездесуді аудан тұрғындары Instagram және facebook әлеуметтік желілері арқылы көруге мүмкіндік жасалып, тікелей эфир барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ Хабарландыру »