Версия для печати

Хабарландыру

Среда, 27 Январь 2021 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2779 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары
ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы
№190 Жарлығына сәйкес

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2021 жылдың 24 ақпаны күні, сағат 11:00-де онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.
Кездесуді тікелей эфирде «Оңтүстік» телеарнасынан, әкімдіктің Facebook желісіндегі «Шымкент қаласы әкімдігі» және Instagram желісіндегі «akimat_shymkent» ресми парақшаларынан көре аласыздар.
Алдын ала 109 нөміріне қоңырау шалып, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды айтуға болады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат
Дүйсенбекұлы Әйтеновке қойылатын қала тұрғындарының сұрақтары мен ой-пікірлерін жинақтау үшін төмендегі мекенжайларда арнайы жәшіктер орнатылады.

Абай ауданы бойынша
1. Абай ауданы әкімінің аппараты орналасқан ғимарат, Тәуке хан даңғылы, 3а.
2. Әкімшілік ғимарат, «Қатын көпір» шағынауданы, Әл-Фараби көшесі, нөмірсіз.
3. Әкімшілік ғимарат, «Қазығұрт» шағын ауданы, Қ. Жандарбеков көшесі, 179.

Әл-Фараби ауданы бойынша
1. Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты орналасқан ғимарат, Ж.Тыныбаев көшесі, 49.
2. Н.Төреқұлов атындағы №62 орта мектебі, «Түркістан» шағынауданы, нөмірсіз.
3. Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Республика даңғылы, 3.
4. Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектебі, №195 орам, К.Тұрсынбаев көшесі, нөмірсіз.
5. №121 «Текесу» негізгі орта мектебі, Текесу тұрғын алабы, Текесу көшесі, 57.
6. Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектебі, В.Суриков көшесі, н/з.
7. Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы, А.Байтұрсынов көшесі, нөмірсіз.

Еңбекші ауданы бойынша
1. №127 жалпы орта білім беретін мектеп, «Оңтүстік» шағынауданы, 142.
2. Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектеп, Базарқақпа тұрғын алабы, Е.Юсупов көшесі, 3а .
3. Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектеп, Тоғыс тұрғын алабы, Керуенсарай көшесі, 2.
4. №94 жалпы орта білім беретін мектеп, Жұлдыз тұрғын алабы, Дегерес көшесі, 30/1.
5. С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейі, 15 шағынаудан, Ж.Шаяхметов көшесі, 2а.
6. Еңбекші ауданы әкімінің аппараты орналасқан ғимарат, Толстой көшесі, 119.
7. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Жұлдыз» аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімі, Қапал батыр көшесі, 84а.
8. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Қаратөбе» аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімі, Ш.Шахайдаров көшесі, 2.
9. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Қазығұрт» аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімі, Ж.Арзымбетов көшесі, 30.

Қаратау ауданы бойынша
1. Қаратау ауданы әкімінің аппараты орналасқан ғимарат, «Нұрсәт» шағынауданы,
Бәйдібек би даңғылы, 60.
2. Өзбек драма театры ғимараты, Сайрам тұрғын алабы, Ибрагим Ата көшесі,118.
3. № 80 мектеп-лицейі, «Нұрсәт» шағынауданы, Ж.Шанин көшесі, 31.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.