Қоғамдық көліктердің жаңа бағыттары пайда болады Избранное

Среда, 03 Февраль 2021 04:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2080 раз

Аудан әкімдерінің есеп беру кездесуі онлайн форматта жалғасуда. Кезекті есептік баяндамада Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов 2020 жылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді.

600

 

А.Әліқұловтың мәлімдеуінше былтыр Азат шағынауданында ауыз су құбыры пайдалануға тапсырылды. Достық пен Тассай тұрғын алаптарында бұл бойынша абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Асар-2, Бозарық, Қайнарбұлақ, Исфиджаб шағынаудандары мен елді мекендеріне ауыз су қажет.
-Ауданда 247 мың халық тұрады. Тұран шағынауданына магистралды газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды. 2021 жылы Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен Достық, Азат, Асар-2 шағынаудандары бойынша газбен қамту жұмыстары жалғасын табады деді, -Абзал Шымкентбайұлы.
Аудан әкімінің айтуынша былтыр “Біз біргеміз” акциясы аясында жағдайы төмен 19 мың азаматқа 50 мың теңгеден көмек көрсетілген. 29 көше күрделі жөндеуден өткен. 78 көшеге шағал тас төселген. 70 аялдама орнатылып, 5,6 шақырым ирригациялық бетон арықтар қойылған. Сонымен бірге 370 жағдайы төмен отбасыға газдан уланудың алдын алу мақсатында тегін газды анализатор орнатылған. Аудан көлемінде қылмыс деректері азайған. Дегенмен тіркеу әдісінің өзгеруіне байланысты ауыр қылмыстар саны өскен.
Есеп беру жиыны барысында БАҚ өкілдері тарапынан және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардан сауалдар қойылды. Мәселен Тассай тұрғын алабына қатынайтын қоғамдық көлік қашан реттеледі деген сауалға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан былай деп жауап берілді: “ Бүгінгі таңда аудан бойынша 28 автобус бағыты бар. Ол наурыз айында газ құю бекеті салынып біткен соң 35-ке көбейеді. 44-бағыттағы автобус қарайтын”Янс” компаниясымен сапасыз қызмет көрсеткені үшін 10-15 күнде келісім шарт бұзылып, оның орнына жаңа компания автобустарын жүргізеді. 115-бағытта жолаушы тасымалдайтын компаниямен де қызмет сапасын арттыру бойынша жұмыстар қолға алынуда. Ақпанда қосымша жаңа автобустар сатып алынған соң сәуір айында жаңа сызба бойынша қосымша бағыттар пайда болып, автобустар саны артады”.
Сонымен бірге аудан әкімі қойылған сауалдарға жауап бере келе, Достық шағынауданында тал-терек көшеттеріне күтімді биылдан бастап әкімдік өз мойнына алатынын, ауданға мүгедектерге де ыңғайлы етіп жасалған 250 жаңа аялдама қойылатынын жеткізді. Бұдан бөлек тұрғындардан келіп түскен сауалдарға жауап ретінде Достық тұрғын алабы алдағы 1-2 жылда толықтай электр энергиясымен, Асар-2 шағынауданы 2021 жылы қарашада жүз пайыз ауыз сумен қамтылатынын атап өтті. Тұран шағынауданында да газ, ауыз су мәселесі биыл толық шешімін таппақ.