Версия для печати

Жастарды әскери есепке қою басталды Избранное

Среда, 17 Февраль 2021 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2226 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте еліміздің болашақ Отан қорғаушыларын әскери есепке алу іс-шарасы басталды. Осының аясында 5 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін ер азаматтарды әскери есепке алу және олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін байқау, білім деңгейі мен алған мамандығын және дене даярлығын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары полковник Әжімұхан Шынтаев ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

92

 

«Осы жылы Шымкентте 5 мыңнан астам жасөспірімді әскери есепке қою жоспарланған. Әрбір адам тұрғылықты жері
бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгініп, толық ақпарат ала алады», – деді Әжімұхан Қалмаханұлы.
Күн сайын қаланың жергілікті әскери басқару органдарына медициналық тексеруден өту үшін мектеп және арнайы орта оқу орындарының оқушылары келетін болады. Жоспарға сәйкес қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармалары күніне 100-ге жуық адамды қабылдауы керек. Алдымен жігіттер әскери қызметке жарамдылығын дәлелдейтін медициналық және қажетті құжаттарды тексеруден өтеді. Егер есепке алу барысында емделуге немесе медициналық бақылауға мұқтаж әскерге шақыру жасына дейінгілер анықталса, онда олар емдеу-профилактикалық ұйымдарына тіркеледі.
Айта кетсек, азаматтарды шақыру учаскелері бойынша есепке алу жұмыстары жергілікті атқарушы және жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп жүргізіледі.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери есепке 17 жасқа толған немесе сол жылы толатын
Қазақстан Республикасының ер азаматтары жатады.
Барлық іс-шаралардан кейін, жастарға әскери шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беріледі. Бұл куәлік әскерге шақыру кезінде шақырылушының есепте тұрғанын растайтын құжат болып саналады.
Әскери есепке алғаш тұрған азаматтарға Қорғаныс министрлігі тарапынан әскери оқу орындарына түсу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Насихаттық жұмыс барысында келісімшарт негізіндегі әскери қызметтің артықшылықтары түсіндіріледі.
Қорғаныс қызметінің өкілі, полковник Ә.Шынтаевтің мәлімдеуінше әскери басқару органына есепке алу, медициналық тексеруден өткізу, зерделеу басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу үшін шақырылған уақытта келмеген ер азаматтарға Әкімшілік құқықбұзкшылық кодексінің 647-бабына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу көзделген. Ал егер де әскери тексеруден өтуден, Отан қорғау міндетін өтеуден жалтарып жүргендер болса, оларға Қылмыстық кодекстің 387-бабы қолданылады. Ол бойынша бас бостандығын шектеу сияқты қатаң жаза немесе 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салу қарастырылған.
Сондай-ақ брифингте өткен жылы қаламыздан 1500-ге жуық азамат әскерге шақырылғаны туралы баяндалды.
Полковник Ә. Шынтаев өткен жылғы шақыру жоспарының жүз пайызға орындалғанын және шақырылушылар мен әскери қызметшілерге коронавирустық инфекция жаппай жұғып кетпеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың уақытылы жүргізілгенін атап өтті.