КӨКТАЙҒАҚТЫ БОЛДЫРМАУ ҮШІН... Избранное

Пятница, 26 Февраль 2021 04:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1572 раз

Шымкент көшелерін қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу шаралары өз деңгейінде атқарылуда.

165

 

Бұл орайда коммуналдық 5 мекеме күшейтілген кестеде, 32 бағытта жұмыс істеуде. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар, әлеуметтік нысан аумақтары, елді мекендердегі орталық көшелер қардан тазартылды.
Қар тазалау жұмысына бір уақыттың өзінде 600-ге жуық жұмысшы, 125 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта коммуналдық мекеме қызметкерлері көшелерде көктайғақты болдырмау үшін 1347 текше метр инертті материал сеуіп шықты.
Айта кетейік, қысқы маусымда қаланы «ЛТД тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ», «Нұртас сервис» және «Жасыл жер» коммуналды мекемелері техникамен қамтамасыз етеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.