Көшбасшы партия – дамудың жаңа кезеңінде Избранное

Среда, 03 Март 2021 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2574 раз

Биыл Nur Otan партиясының құрылғанына 22 жыл толып отыр. Осыған орай Шымкентте салтанатты жиын өтті. Басқосуға партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов, филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, партия ардагерлері, қоғам қайраткерлері, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

185

 

Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен жаңа форматта жұмыс істеуге көшкен Nur Otan партиясы қалалық филиалының жұмысымен танысты. Филиал төрағасына партия бағдарламасы аясында әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстар мен жетістіктер баяндалды.
Бұдан кейін партияның 22 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі
Мархабат Байғұт жүргізіп отырған жиында қала әкімі көпшілікті мерейтоймен құттықтады.
– Nur Otan партиясы құрылғалы бері еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Себебі, қоғам партияға сенім артады. Сонау 1999 жылы 1 наурызда «Отан» партиясы құрылған соң Шымкентте партия филиалы 23 наурыздан бастап жұмыс істей бастады. Елдегі саяси институттардың көшбасшысы саналатын Nur Otan партиясы ел өмірінің әлеуметтік-экономикалық және басқа да барлық саласының дамуына атсалысып келеді. Нағыз атына сай екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеуде. Сол көшбасшы партия дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Былтыр алғаш рет праймериз өтіп, мол тәжірибе жинақтадық. 

Партияның 5 жылдық даму жоспары жасалды. Қала тұрғындарынан түскен 685 ұсыныстың 98 пайызы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының біріне айналды, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы. Басқосуда Шалатай Мырзахметов, Өмірзақ Мелдеханов, Әбілқасым Досболов, Байдулла Қонысбек, Досыбай Шерімқұлов, Алмасбек Мамытбеков, Дария Қожамжарова секілді партия ардагерлері мен қоғам қайраткерлері Nur Otan партиясының 1999 жылдан бергі қысқаша тарихына тоқталып, жетістіктерін еске алды. Осы жылдарда атқарылған жемісті қадамдар мен жарқын естеліктерімен бөлісті. Ал жиын соңында Nur Otan партиясының қатарына жаңадан қабылданған 10 азаматқа партия билеттері табысталды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, студент, зейнеткер және мұғалімдер мен дәрігерлер бар.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.