ЖЕҢІМПАЗДАРҒА – 20 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ Избранное

Среда, 03 Март 2021 04:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 969 раз

Спортпен айналысқан баланың дені сау, зейіні ашық болып, оқығаны ойында мәңгі сақталады және зиянды әдеттерден аулақ болады. Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» жобасының салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан осылай деді.

180

 

—Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен алғаш рет «Жастар лигасы» ұйымдастырылып отыр. Онда спорттың 4 түрінен, атап айтқанда – футбол, баскетбол, волейбол мен шахматтан орта мектеп оқушылары арасында біріншілік ұйымдастырылады. Жобаның басты мақсаты – оқушыларды саламатты өмір салтына баулу. Спортпен айналысқан баланың дені сау, зейіні ашық болып, оқығаны ойында мәңгі сақталады және зиянды әдеттерден аулақ болады. 

Спорттың әр түрінен жеңімпаз атанған командаға 20 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық беріледі. Бұл қаржы мектептің қажеттіліктеріне, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады. Осы жарыста жеңімпаз атанып, мектептеріңізге 20 миллион теңге тарту етуге, сөтіп білім алған алтын ұяларыңыздың алдындағы перзенттік парыздарыңызды өтеуге тамаша мүмкіндік туып отыр, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

196


Айта кетейік, жоба аясында жалпы білім беру ұйымдарынан футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) түрлерінен лигалар және оларды қолдау
бойынша фан-клубтар құрылған. Әрбір команданың атауы, ұраны, эмблемасы және команданың бірыңғай киім үлгісі жасақталған.
Ойындарды ұйымдастыру мерзімі – наурыз-маусым айларының аралығында футбол, волейбол, баскетбол ойындарынан сайыс өтеді. Сондай-ақ, қыркүйек айында шахмат түрінен сайыс ұйымдастырылады. Ойын барысында арнайы фан-клубтар команда мүшелеріне жанкүйерлік жасайды. Жобаға қатысатын мектеп командалары арасында жеребе тасталып ойын кестесі анықталған. Шымкент қаласы бойынша 4 спорт түрінен 140 мектеп жобаға қатысуға өтініш білдірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.