– Біз ең жарқын мерекенің бірі – Халықаралық әйелдер күнін ерекше жылылықпен атап өтеміз. Отанға деген сүйіспеншілік анаға, отбасы ошағына деген сүйіспеншіліктен басталады. Ал отбасыда алған тәрбие – бүкіл халқымыздың гүлденген және табысты болашағының кепілі, – дейді қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Ринат Мадьяров.
Аналары өз өмірлерін әскери кәсіппен байланыстырған ұлдарын ерекше мақтаныш тұтады.
– Мен ұлымның әскери қызметші екенін мақтан тұтамын. Ұжымдастарының бізге көрсеткен қолдауы мен қамқорлығына үлкен рахмет. Армияда тек әскери адамдар ғана емес, сонымен бірге оларды өсіріп, тәрбиелеген жандардың да бағаланатыны қуантады, – деді жас офицердің анасы Гүлзада Жарымбетова.
Айта кетейік, департаменттегі әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі мамандар моральдық-психологиялық жай-күйді және ықтимал проблемалық мәселелерді зерделейді, әскери қызметшілердің туыстарымен тұрақты байланыста болады. Сонымен қоса жас және көп балалы отбасылармен жеке жұмыс жүргізілуде.