Құрсайдағы қиын түйінді инвесторлар тарқатады Избранное

Пятница, 12 Март 2021 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2051 раз

Қала іргесіндегі Абай ауданына қарасты Құрсай шағынауданының өз емханасы болады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің шағынаудан тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды. 9 мыңға жуық халқы бар шағынауданда мектеп пен емхана мәселесі осы күнге дейін күрделі болып келген еді.

238

 

Қала әкімінің онлайн қабылдауында аталған шағынауданның тұрғыны ауыз су мен табиғи газдың жоқтығы, жарықтандыру, денсаулық сақтау нысандары мен жер мәселесін шешіп беруін сұраған болатын. Шаһар басшысы тиісті сала мамандарымен инфрақұрылым мен әлеуметтік нысан мәселесін шешу жолдарын қарастырды.
Арада уақыт оздырмай Мұрат Дүйсенбекұлы Құрсай шағынауданында тұрғындармен жүздесті. Биыл Құрсайда жеке инвестор есебінен бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана құрылысы басталады. Бұл «Shymkent ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр. Бұдан бөлек, №49 жалпы орта мектепте (900 орындық) 3112 оқушы білім алып келсе, енді бұл өзекті мәселе шешімін тапты. Құрсайда үш ауысымды оқытуды жою мақсатында «Shymkent ӘКК» АҚ ұйымдастыруымен 450 орындық «Әл-Фараби» атындағы жекеменшік мектеп пайдалануға берілсе, инвестор «Бекназ и К» ЖШС 450 орындық жаңа мектептің құрылысын бастады.

242

Құрсайлық тұрғындар үшін тағы бір жағымды жаңалық шағынаудан 2021 жылы толық табиғи газбен қамтылады.
–Қазіргі таңда табиғи газбен қамтуға 2216 үйге жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді. Жалпы жобаның құны 5,9 млрд теңге. Нысанның құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Ал, электр жарығымен қамту жұмысы 2019 жылы жүргізілген. Қамтылмай қалған 130 үйге осы жылы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан модернизация бағдарламасы арқылы кіргізіледі, - деп атап өтті қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков.
Бүгінгі күні қала аумағында инфрақұрылымды жақсартып, тұрғындардың өмір сүруі үшін қолайлы орта қалыптыстыру күн тәртібіндегі басты мәселе болып тұр. Бұл жұмыстар шаһар басшысының жіті қадағалауына алынған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.