Бозарықта жаңа көше – Қазақ радиосы Избранное

Пятница, 19 Март 2021 04:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3188 раз

Шымкентте 325 көшеге атау берілді

Шымкенттің Бозарық шағынауданындағы 2,5 шақырымға созылып жатқан көшесі енді Қазақ радиосының атымен аталады. Бұл атау Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына орай беріліп отыр.

415

 

Тұсаукесер жиында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Наурыз мерекесінің аясында Шымкентте 325 көшеге атау берілгенін айтты. Оның ішінде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің құрметіне қойылған «Егемен Қазақстан, сонымен бірге Ана тілі, Жас алаш, Абай жолы, Қалқаман – Мамыр, Ақ білек, Қамар сұлу секілді тағы басқа да көше аттары бар.
– Наурыз тойының аясында Шымкенттегі 325 көшеге атау берілді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің ұсынысымен, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетовтің ұйытқы болуымен 18 наурызда мәслихатта Қазақ радиосы көшесі ресми бекітілді. Санаулы 3 сағаттың ішінде осы көшені салтанатты түрде ашып тұрмыз. Шымкенттің қандай оперативті екенін осыдан-ақ біле беріңіздер. Шаһарымыз осы жаққа қарай өсіп келеді. Шымкенттің дамып келе жатқан тұрғын алабында ашылған көшеміз құтты болсын. Болашақта Қазақ радиосы көшесі даңғылға айналып жатса таңғалмағайсыздар! – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Жарты ғасырдан астам ғұмырын Қазақ радиосында өткізген ардагер-диктор, Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова да Шымкенттегі Қазақ радиосы көшесінің ашылуына арнайы келіпті.
«Өзіңнің шыққан босағаң, туған балаңдай боп кеткен радиоңды құрметтеп жатса қалай қуанбайсың?! Қазақты бүткіл дүние жүзіне танытқан, қазақтың әні, сазы мен күйін көрсеткен Қазақ радиосын республикада бірінші болып ардақтап жатқан сіздерге мың да бір Алғыс! Бұл атақты даңғыл болатынына сенемін», - деді Сауық Жақанова.
Наурыздың 18-ші жұлдызы Шымкент қаласының тарихында алтын әріптермен жазылатын күн. Себебі, Қазақ радиосының 100 жылдығына орай қаламызда 2,5 шақырымға созылып жатқан үлкен көше ашылды.
–Атаулы датаны тек атап өту емес, мақсатымыз – Қазақ радиосының атын мәңгіге қалдыру үшін көшенің атауын беріп отырмыз. Ұлттың дамуында радионың үлесі орасан. Шымкенттің ірі қоғамдық орындарында, мектептерінде күндіз-түні Қазақ радиосы сайрап тұр. Енді Қазақ радиосы көшесінде де радионың үні естіледі деген үмітіміз бар. Бұл істің идеологиялық жағынан да мәні зор, - деді Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы.
Жиын соңы ауыл ақсақалдарының баталы тілектерімен аяқталды.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.