Атадан мал қалғанша, тал қалсын Избранное

Пятница, 26 Март 2021 03:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 758 раз

Шымшаһарлық тұрғындар Ұлыстың Ұлы күнін ерекше атап өтті. Әз Наурыз мерекесінде «Таза табиғат» экологиялық жалпыұлттық жобасы аясында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.

433

 

Қала басшысы бастаған топ әз Наурыз мерекесінде Нұрсәт шағынауданында орналасқан «Астана» аллеясына жиналды. Игі шараға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Қаратау ауданының ардагерлері мен депутаттар, жастар және еріктілер 250 түп қылқан жапырақты арша мен қара ағаш көшеттерін отырғызды. Осылайша, Президенттің орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау басталды.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаған Мұрат Дүйсенбекұлы қала аумағын тазалау және ағаш отырғызу жұмыстарына тұрғындарды белсене қатысуға шақырды. Сонымен қатар, отырғызылған жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын да жүйелі түр­де жүргізіп отыру керектігін жеткізді.
Айта кетейік, көктемгі көгалдандыру кезінде әр ауданда 10 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Ал жалпы қала аумағында бүгінде 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Өткен жылы 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспары бекітілген болатын. Жоспар бойынша бес жылда 6,5 млн түп ағаш отырғызылады деп күтілуде. Осылайша, қаладағы ағаш қорын екі есеге арттыру көзделіп отыр.