–Қала тұрғындарын, жастарды кітап оқуға үндеу мақсатында кітапханаларға жаңғырту жұмыстарын бастадық. Қазір жастардың көбі бос уақытын интернет пен әлеуметтік желілерде өткізеді. Неге олар кітапханаларға келіп, оқып, білімін молайтпасқа?! Егер жұмыстар нәтижесін көрсетсе әрі қарай жалғасын табады. Биыл қала бойынша 10 кітапхана қайта жаңартылады, – деді Мұрат Әйтенов.
Заман талабына сай жабдықталған кітапхананың ашылу салтанатына келген қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова рухани орданың мән-маңызына тоқталып, ізгі лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, отбасылық кітапханада 35 мың кітап қоры, 3000-ға жуық оқырман бар. Балалар емін-еркін кітап қорына қол жеткізе алады. Отбасылық кітапхана жаңартылған форматта қызмет көрсетеді.
Бұдан былай балалар кітапханаға ата-аналары, ата-әжелерімен келіп уақытын тиімді өткізе алады. Тек кітап оқып қана қоймай, спорттық және шеберлік үйірмелеріне қатысуға мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, кітапханаға ата-анасымен ең жиі келетін балалар зообаққа барып, цирк қойылымдары мен мәдени орындардағы шараларды тегін тамашалай алады.