7 мыңнан аса адам екпе қабылдады Избранное

Среда, 31 Март 2021 04:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2203 раз

Шымкентте медицина мамандары демалыссыз инфекцияға қарсы екпе салу жұмыстарын бастады. Медициналық ұйымдарда өз еркімен келісім берген азаматтарға ковидке қарсы вакцина салынуда.

515

 

Бүгінге дейін қалада 7181 азамат ковидке қарсы екпе қабылдаған. Екпе алғандардың 70 пайыздан астамы медицина мамандары. Қалғаны мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Еске сала өтсек, екпе салу түрлі санат бойынша кезегімен жүргізілуде.
Инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары қаладағы 26 емдеу мекемесінде жүргізілуде. Бұған қоса қосымша 10 бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында екпе жасау үшін арнайы кабинеттер дайындалды.
Бүгінгі таңда вакцина салдыру – коронавирус ауруының таралуын болдырмаудың бірден бір жолы болып отыр. Вакцина тегін және ерікті түрде салынады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.