Олардың қатарында сот, Билер кеңесі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер, «Қазақстандық Медиаторлар Палатасы» бар.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіре түсу керектігіне көңіл бөлуде. Президенттің 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында да үшінші билік жұмысын жетілдірудің жолы да ұмыт қалмады. Яғни, медиацияның тарихи мәні тереңде. Дамыған елдерде істердің 90 пайызы мәмілемен шешіледі. Дау болғасын сотта екі тарап бірдей жеңіске жетпейді. Ал татуластыру арқылы бірдей келісім жасалады. Алдағы уақытта тараптардың жұмысы медацияны дамытады деп сенемін, - деді Соттар әкімшісінің басшысы Берік Мейірханов.
Сондай-ақ, меморандумда тараптар жанжалдардың алдын алуға және оларды шешуге бағытталған татуластыру рәсімдерін дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады. Шымкент қалалық сотының Билер кеңесін үйлестірушісі, ардагер судья Ақылбек Елшібаев даулы істі сотқа жеткізбей шешу бағытында жасалған тоғыз жақты келісімнің маңыздылығына тоқталды.
Қазіргі таңда Шымкентте аудандық соттарда, аудандық әкімдіктерде, Жұмыспен қамту орталығында және мамандандырылған соттың ғимаратында медиатор кабинеттері жұмыс істейді. Алдағы уақытта татуластыру рәсімдеріне жүгіну азаматтардың жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуіне ықпал етеді және құқықтық мәдениетін қалыптастырады.