Инвесторға кедергі жоқ, қолдау көп Избранное

Среда, 31 Март 2021 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2552 раз

Үшінші мегаполисте инвестициялық жобаларды жедел түрде қарап, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін қала әкімінің басшылығымен инвестициялық штаб құрылды.

513

 

Штабтың міндеті – инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша нақты шешім қабылдау. Қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық ететін штаб құрамына қалалық басқармалар, аумақтық департаменттер мен монополистер кіреді. Әр жұма сайын өтетін штаб отырысында, инвесторлармен zoom платформасы арқылы байланыс орнатылып, әкімшілік кедергілерді жою, қолайлы жағдай орнату және үйлестіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Жалпы қала экономикасы үшін денсаулық, тұрғын үй, қайта өңдеу өндірісі мен агроөнеркәсіптік кешен секілді базалық секторларға инвестициялар тартуға ерекше назар аударылып отыр.
Айта кетейік, Шымкентте кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп, инвестиция тартуға басымдылық беріліп отыр. Соның нәтижесінде өткен жылы инвестиция көлемі 41 пайызға өсіп, 278, 5 млрд. теңгеге жеткен. Ал, алдағы бес жылда қалаға барлық бағыттар бойынша 3,7 трлн. теңгені құрайтын инвестиция тарту жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.