Версия для печати

«Елбасы медалі» – үздік атануға мүмкіндік Избранное

Пятница, 02 Апрель 2021 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2660 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Көрме орталығында» жастар арасындағы «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлерін марапаттады.

557

«Елбасы медалін» иеленген жастарды құттықтаған Шыңғыс Жұмабекұлы оларға шығармашылық шабыт пен оқуларында озат болуға тілектестік білдірді. «Елбасы медалі» ҚР Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленген. Бұл жобаға 14-29 жас аралығындағы кез келген жас қатысады. «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, жеті бағыт бойынша өзінің қарым-қабілетін дамыта алады. Олар спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі бағыттары.
Жастардың білімін шыңдауға, спорттық дене тәрбиесін жетілдіруге Шымкент қаласындағы Дарын орталығының тәлімгерлері көмектеседі.
Айта кетейік, «Елбасы медаліне» 80-нен астам оқушы ие болды.