Қала әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік нысанның ашылуына қатысып, наубайхананың әлеуетімен танысты.
Жалпы аумағы 7200 шаршы метрлік кәсіпкерлік нысан жаңа үлгідегі нан пісіруге арналған заманауи технологиялармен жабдықталған. Айта кетерлігі, қаладағы ең арзан нан осында өндіріледі. Өйткені, заманауи құрылғылар газбен жұмыс істейді.
Шаһар басшысы қазіргі нарықтық экономикада бағаны тұрақтандыратын осындай бастамалар екенін алға тартып, сала басшыларына мұндай жобаларды қолдау керектігі жөнінде тапсырма берді. Тіпті басқа өңірлерге де үлгі ретінде көрсету қажет.
Сондай-ақ, жаңа кәсіпорындағы нан пісіретін пештер Шымкент қаласының өз өнімі. Қала әкімі күнделікті тұтынатын қарапайым заттардың толық өзімізде өндірілетінін айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып өтті.
Наубайхана тәулігіне 90 мың дана нан өнімдерінің түрлерін, оның ішінде 65 мың дана әлеуметтік нан (қалыпты бөлке нан) өнімдерін шығаруда.