Версия для печати

Ақжарлықтардың өтініші ескерілді Избранное

Пятница, 09 Апрель 2021 03:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2834 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жеке қабылдауында өтініш білдірген тұрғындардың арыз-шағымы бойынша Ақжар елдімекенінде болды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде тұрғындарды жеке қабылдау, олардың мәселелерін шешу бағытында жұмыс жүргізілуде.

601

 

Елдімекен тұрғындары спорт алаңшаларының жоқ екенін және жолдардың сапасы жөнінде шағымдарын жеткізді. 5 мыңға жуық халық тұратын елдімекенде биыл 5 стадион мен бірқатар жол құрылыстарын жүргізу жоспарланған.
– Жалпы, жол салу жұмысы қажеттілікке қарай жүргізілетінін түсіну керек. Мәселен, 2000 адам жүретін жол мен 200 адам жүретін жол болса, біз, әлбетте, көп адам жүретін, маңызды жолға басымдық береміз. Ал қалған жолдар кезең-кезеңімен, жоспарға сәйкес атқарылады, – деді қала әкімінің орынбасары.
Кездесуде тұрғындар спорт алаңы ретінде жекеменшік иеліктегі бос жерді пайдалануды ұсынды. Жер учаскесінің иесіне жағдай түсіндіріліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жобаны жүзеге асыру келісілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.