Версия для печати

Жәрдемақы қалай рәсімделеді? Избранное

Пятница, 09 Апрель 2021 03:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2937 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елімізде жұмысынан айрылған азаматтарға мемлекет жәрдемақы төлеп, қолдау жасайды. Сол жәрдемақыны рәсімдеудің 3 жолы бар.

600

 

Біріншісі – eGov.kz портал арқылы. Қызметтің атауы – «Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау». Екіншісі – ХҚО арқылы, ал үшіншісі – халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.
Жәрдемақыны рәсімдеуге қажет құжаттар: Жеке куәлік, жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және төлем аударылатын банк шотының нөмірі туралы құжат.
Жыл басынан бері Шымкенттегі ХҚО арқылы 2091 жәрдемақы тағайындалды.
Айта кетейік, қалалық ХҚО-лар алдын ала брондау бойынша жұмыс істейді. Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:00-ге дейін.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.