Версия для печати

Рамазан – рухани жаңғыру айы Избранное

Пятница, 09 Апрель 2021 03:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3221 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының бас имамы қасиетті айда ораза ұстаудың шарттары мен үкімдері туралы айтып берді.

599

 

– Биыл қасиетті Рамазан айы сәуірдің 13-не кіреді. Рамазан – артық қылықтардан арылатын, рухани кемелденіп, ішіп-жеуден уақытша тыйылатын ай. Ораза ұстау ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен мұсылман адамға парыз. Десе де, 60 жастан асқан азаматтар медициналық бақылаудан өтіп, денсаулығына қарай ауыз бекіткені абзал. 2020 жылы қаламызда 21 мың отбасыға ауызашар қоржыны таратылды. Биыл да мұқтаж жандардың тізімі жасалып, қайырымдылық шаралары жалғасын табады, – деді қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы.
Қаланың бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Құран қатым рәсімдері қашықтан оқылады. Тауарих намаздары да үйде оқылады. Ауызашар санитарлық талапқа сай 10 адамнан аспауы тиіс. Ал қоғамдық тамақтану орындарында, мейрамханаларда, дәмханаларда ауызашар өткізуге тыйым салынды. Имамның айтуынша, вакцина салдыру, ПТР тестін тапсыру оразаны бұзбайды. Пітір садақасы биыл 420 теңгеге, підия құны 2500 теңге болып бекітілді.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.