Журналистер еккен 100 жасыл желек Избранное

Пятница, 09 Апрель 2021 03:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3142 раз

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жолдаған тал егу бастамасын ҚР Журналистер одағының Шымкент қалалық филиалы қолдап, Шымкент Сити шағынауданында 100-ге жуық көшет екті.

603

 

Игі іс-шараға қаламы қарымды журналистер қауымы қатысты. Қазақстан Журналистер одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдырдың айтуынша, бұл аллея алдағы уақытта шымкенттік журналистердің бас қосар алаңына айналмақ.
Қаланы абаттандыру іс-шарасына аға буын ардагерлер мен бірнеше телеарна, газет және сайт тілшілері атсалысты.
– Таяуда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзі ағаш егіп, қоршаған ортаны көркейту үшін көшет егу челленджін жолдаған еді. Енді, міне, мегаполистегі 50 шақты журналистің басын қосып, 100-ге жуық көшет ектік. Бұл – біздің қаламыздың көркеюіне қосқан үлесіміз, – деді Уәли Қыдыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.