«Alliance» өнімі экспортқа шықты

Среда, 14 Апрель 2021 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1037 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2019 жылы қайта іске қосылған «Alliance» жіп иіру фабрикасында болды.

622

 

Фабрика жылына 5000 тонна мақта талшығын өңдеп, 4500 тонна жіп иіруге қауқарлы.
Кәсіпорын жұмысымен танысу барысында қала басшысы Оңтүстікте өндірілетін мақтаның барлығын толығымен Шымкент қаласында өңдеу – үшінші мегаполистің экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Өткен жылы 268 млн. 158 мың теңге көлемінде өнім өндірілген. Сонымен қатар, Түркияға – 127 тонна, Ресейге – 40 тонна, Қытайға – 116 тонна және Румынияға – 13 тонна иірім жіп экспортталған.
Бүгінгі таңда тігін фабрикасында 78 адам жұмыспен қамтылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.