Версия для печати

«Ashyq» қосымшасы – бизнеске жеңілдік Избранное

Среда, 21 Апрель 2021 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3406 раз
Оцените материал
(0 голосов)

1 сәуірде Мемлекет басшысы Үкіметке «Ashyq» жобасын республика шеңберінде кеңейту туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жобаны енгізу туралы қаулысы қабылданған-ды. 26 сәуірден бастап «Ashyq» жобасы барлық өңірлерге таралмақ.

660

 

Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев және Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков пен Шымкент қалалық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметовтің қатысуымен өткен брифингте айтылды.
–«Ashyq» – қоғамдық орындарға келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ді бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады. ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шыққан адамға «қызыл» түс беріледі. Ондай науқас үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек. «Сары» түс науқас адаммен байланыста болғандарға таңылады. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға ғана рұқсат, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады. «Көк» түспен ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге баруға рұқсат алады. Ал «Жасыл» түсте – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі, – деді Н.Қабыштаев.
Сонымен қатар «Ashyq» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер үшін қосымшамен жұмыс істеуде QR-кодты алу ережесі өзгерді. Бизнес иелеріне QR-кодты алу үшін infokazakhstan.kz сайтында өтініш беру қажет.
Нұрлан Орынбасарұлының айтуынша «Ashyq» жобасы қосымшасына йога, фитнес-клубтар, спа орталықтар, сауна, бассейндер, PlayStation, компьютерлік, боулинг клубтар, кинотеатр, театрлар мен филармониялар және қоғамдық тамақтандыру нысандары енеді. Бұл жоба бизнеске шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді және қауіпсіздік үшін маңызды.
Санитарлық қызмет өкілі А.Ахметовтің айтуынша «Ashyq» жобасымен ауру белгілері анықталған немесе үй карантинін бұзғандығы белгілі болған азаматтарды кәсіпкерлік нысандар СЭС мамандарына хабарлау керек. Бірінші кезекте оларға қатысты түсіндіру жұмыстары жургізілсе, талапты екінші мәрте бұзған жағдайда 30 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылады.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімі қалыптастырылуда. «Ashyq» қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.