Ауыз су «ақылды» жүйеге көшті Избранное

Среда, 21 Апрель 2021 04:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1946 раз

Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің сумен жабдықтау және кәріз саласындағы өндірістік процестерді цифрландыру жұмыстарымен танысты. Мекеме басшысы Анарбек Орман «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылы кәсіпорындарға 3,7 мың ақылды су есептегіш құралдары орнатылатынын айтып өтті.

661

Осылайша, коммерциялық құрылымдардың 86 пайызына адам факторының қатысуынсыз қызмет көрсетілетін болады.
Алдағы 5 жылда барлық тұтынушыларға ақылды су есептегіштер орнату жоспарланып отыр. Оның айтуынша, бүгінде қаладағы 7243 заңды тұлғалардың 2,5 мың тұтынушысы электрондық басқару функциясы бар «IC-card» ақылды су есептегішті пайдалануда.
Осы ретте әкім қаланың су жүйесіндегі ақаулар мен жөнделуін және сервисін 100 пайыз автоматтандырсақ қана сапалы қызметке қол жеткізілетінін атап өтті. Сонымен бірге қаланың геопорталына барлық саланың мәліметтері бірегей форматта жиналып, сол жүйені пайдалана отырып әр сала дамуы керек екенін жеткізді.
Сандық технологиялар кәсіпорын қызметінің барлық салаларында қолданылатынын айтқан серіктестік басшысы цифрландырудың арқасында тұрғындар суды үнемдей бастағанын, халыққа қызмет көрсету сапасы жоғарылағанын айтты. Бұдан бөлек, ол 2025 жылға дейін Шымкент қаласының сумен, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету туралы стратегиясына қол жеткізу қажеттігін атап өтті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.