Әлеуетті жобалар қажет Избранное

Среда, 21 Апрель 2021 04:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1939 раз

Шымкент қаласының инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Онлайн режимде ұйымдастырылған жиында қазіргі инвестициялық ахуал, алдағы даму жоспарлары, шешілмеген түйінді мәселелер талқыланды.

662

 

Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков 2021 жылға арналған жеке инвестициялық жобалардың орындалу барысын баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, биыл 157,0 млрд теңгеге 47 жоба (2,5 мың жұмыс орны) жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қайта өңдеу өнеркәсібі – 20, ауылшаруашылығы – 2, сауда – 6, білім – 6, тұрғын үй құрылысы – 7, көлік – 1 жоба. Бұның бәрі де биыл іске қосылады деп күтілуде. Мәселен, бүгінде әлеуетті «SHYMKENT CHEMICAL COMPANY» ЖШС-нің метил трет-этил буфері өндірісінің 95 пайызы аяқталған. Штаб отырысында «Шымкент» ӘКК» АҚ тарапынан тұрғын үй, әлеуметтік, сауда нысандары бойынша атқарылатын инвест жобалардың шешілмей жатқан мәселелері талқыға түсті. Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару, инфрақұрылым жеткізу бойынша бірқатар кедергілер бары айтылды. Сонымен қатар, медицина, тұрғын үй құрылысы бағытында инвесторлар жаңа жобаларын ұсынып, бірқатар мәселелерден хабардар етті.
Жиында цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов телекоммуникация желілерін тарту, интернетпен қамту бағытындағы инвест жобалардың барысын баяндады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов инвестиция тарту жұмыстарын әлі де жандандыру қажет екенін алға тартты. Бұл мақсатта барлық жағдай жасалған.
– Қазіргі таңда «Жұлдыз» индустриалды аймағын ашып жатырмыз. Инфрақұрылымын толық жеткізіп береміз. Енді бізге әлеуетті, ноу-хау жобалар керек. Келесі аптада 2022-2023 жылға бағытталған жобаларды да баяндамаға қосыңыздар. Қазірден бастап келесі жылдарға дайындық жүргізілсін. Жоспар бойынша 2022 жылы 540, 2023 жылы 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартуымыз керек, – деді қала әкімі.
Жиын соңында аудан әкімдеріне бұл бағытта бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.