Версия для печати

Ковидпен күрес: 3 сценарий бойынша Избранное

Среда, 21 Апрель 2021 04:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3696 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен онлайн режимде өткен Үкімет отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

664

 

Шаһар басшысы індетпен күрес нәтижелеріне тоқталып, қолға алынған іс-шаралар, вакциналау барысы және алдағы жоспарлардан хабардар етті. Мұрат Дүйсенбекұлы коронавирустың ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілгенін атап өтті.
– Бүгінде қалада А сценариі бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы қала В және С сценарийлеріне де толық дайындалды. А сценарийі – ағымдағы жағдай. Ол стационардағы 1 290 төсек орынды қамтиды. В – маусымдық эпидемиологиялық жағдай нашарласа, науқастарға арналған төсек орын саны 4 016-ға дейін көбейтіледі. Ал, С сценариі – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 5 416 төсек орын әзірленеді. Қазір қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс істеп тұр. Зертханаларда 1 күнде 6 200 тест жасауға мүмкіндік бар. Барлығы 349 518 ПТР тест өткізілді. 19 сәуірде 1 312 ПТР тест жасалған, – деді қала әкімі.
М.Әйтеновтің айтуынша, азаматтарды вакцинациялау үшін 38 бекет ұйымдастырылып, бүгінде екпенің 1-ші компоненті 67 906 адамға, 2-ші компоненті 6 918 азаматқа салынған. Барлығы 753 медицина қызметкері оқытылып, вакцинациялауға жұмылдырылған.
Сондай-ақ, Шымкенттің «қызыл аймаққа» кіруіне байланысты 19 сәуірде жергілікті бас санитариялық дәрігерінің Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген алгоритмге сәйкестендірілген шектеу шаралар туралы қаулысы шықты. Осы шектеу шараларының тиімділігі 2 апта бойы бақыланады. Эпидемиологиялық жағдай одан әрі нашарлаған жағдайда қатаң шектеу шаралары енгізіледі.
Айта кетейік, Үкімет отырысында қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған болжамы және 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселелері талқыланды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.