АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІН БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ Избранное

Пятница, 30 Апрель 2021 04:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2894 раз

«Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті. Онлайн режимде өткен жиынға Шымкент қаласының әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Мұрат Әйтенов, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

711

 

Сессия барысында Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Назарбаев 30 елеулі жетістікке тоқталып, Ассамблеяның алдына қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қойды. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Ассамблея мүшелерін, жалпы тұрғындарды қаламыздың дамуына үлес қосуға, бірлесе еңбек етуге шақырды.
– Елбасы Ассамблея мүшелеріне белсенді болу керегін айтты. Әр азаматтың кәсіп ашып, еңбек етуге мүмкіндігі бар. Қаламыздың бюджеті бірнеше есе ұлғайды. Кәсіппен айналысу үшін қаржы институттары да жеткілікті. Қала экономикасына жаңа технологиялар, жаңа инвестициялар қажет. Бірлік бар жерде тұрақтылық бар. Ендігі кезекте тек еңбек ету керек, – деді қала әкімі.
Бүгінде Шымкент қаласында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
Этнос өкілдері қаланың әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.