ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТА ЭТНОАУЫЛ БОЙ КӨТЕРДІ Избранное

Среда, 05 Май 2021 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 905 раз

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде үшінші мегаполисте Шымқала этноауылы ашылды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

747

 

Жиналған көпшілік алдымен Тәуелсіздік саябағына Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызды.
Бұдан кейін жиналғандар этноауылдың ашылуына қатысты. Қонақтарды мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова қарсы алып, таныстырды. Әкім бастаған топ ұлттық аспаптар, қолөнер бұйымдары, кілем-тоқыма бұйымдары шеберлеріне бөлінген киіз үйлерге бас сұғып, шеберлердің жұмыстарымен танысты. Этноауылда бұған қоса алып тайқазан, киіз үй үлгісіндегі концерт залы, қолөнершілер ауылы орналасқан.
Алғашқы қонақтар садақ ату алаңшасында жебе тартып, туристік орталықтың жұмысымен танысты.

746


– Баршаңызды бүгінгі қадірлі мерекемен құттықтаймын. Қазақстан әлемде баламасы жоқ Ассамблея құрып, дүние жүзіне үлгі болып отыр. Ал бүгінгі ашылған Шымқала этноауылы үшінші мегаполистің үлкен жаңалығы болып отыр. Қаламызға келген қонақтарды ең алдымен осында алып келу керек. Бұл кешен Шымкенттің туризм әлеуетін жаңа белеске көтереді деп сенеміз, - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Айта кетейік, алып кешенде екі негізгі туристік бағыт бар. Екеуі оңтүстік және шығыс қақпалардан басталады. «Этноауылды қала тұрғындары ерте көктемнен күзге дейін, дүйсенбі мен жексенбі аралығында келіп, тамашалай алады», - дейді қалалық әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Бейбітжан Мүслимов.

748

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.