300 АЗАМАТҚА – ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ Избранное

Среда, 05 Май 2021 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2562 раз

Биыл Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы жергілікті бюджет есебінен бөлінген жалпы сомасы 300 млн теңгені құрайтын, әр азаматқа 1 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификатын беруді жоспарлап отыр. Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек.

745

 

Тұрғын үй сертификаты үміткер тұлға, яғни өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесінде (жұбайы, зайыбы, кәмелетке толмаған балаларына) заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткіштен аспайтын (106 336 теңге) cоңғы алты ай ішінде еңбек және кәсіпкерлік қызметтен орташа табысы болған жағдайда беріледі.
Бұл жеңілдікке Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар қатыса алады.
Өтінім қабылдау мамыр айына жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.