Ерлік даңқы өшпейді Избранное

Среда, 05 Май 2021 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 919 раз

Ұлы Отан соғысына қатысқан шымкенттік 20 ардагердің әрқайсысына материалдық көмек берілді. Қан майданда от пен судың ортасында жүріп, ерлікпен шайқасқан ардагерлердің қатары жыл өткен сайын азайып барады. Дегенмен, Ұлы Жеңіс күнін сыйлаған жеңімпаз аталарымыздың ерлік ісін бағалау, құрметтеу өскелең ұрпақтың азаматтық борышы. Осы орайда Шымкент қаласында тұратын соғыс ардагерлерінің есепшоттарына 360 АЕК немесе 1 050 120 теңге көлемінде бір реттік ақшалай төлем аударылды.

744

 

Мұндай көмек тыл еңбеккерлеріне де тиесілі. Қала әкімдігі тарапынан 3307 тыл ардагеріне 12 АЕК немесе 35 мың теңгеден астам біржолғы ақшалай төлем жүргізілді. Тыл ардагерлері үшін материалдық көмекке барлығы 115 млн 758 мың теңге бөлінді.
«Ұлы Отан соғысына қатысушыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсету әркез жүзеге асып келе жатқан игі істің бірі. ҚР Президенті –
Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге құрмет көрсету ісінің даңғыл үлгісін көрсетті. Игілікті істі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жалғастыруда, - дейді Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Рысбай. – Соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің мәселесі мемлекет пен қоғамның назарынан ешқашан тыс қалған емес. Біздің міндетіміз – ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпау».
Айта кету керек, әлеуметтік көмек бұл күндері Шымкентте Отан қорғаушылар күніне қатысы бар өзге де азаматтарға берілуде. Атап айтқанда соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар мен Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандар, Семей полигонындағы ядролық қару сынақтарының салдарынан мүгедек болған, радиациялық апаттар мен авариялардан зардап шеккен азаматтарға да мемлекет тарапынан материалдық көмек беріледі. Атап айтқанда оларға 36 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек аударылады, бұл 105 012 теңге.
Қазір Шымкентте жалпы 82 124 зейнеткер бар. Олардың 20-і ҰОС ардагері, 3307-сі тыл еңбеккері және 1728-і ҰОС қатысушыларына теңестірілген ардагер.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « 300 АЗАМАТҚА – ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ