Мектепке батырдың есімі берілді Избранное

Среда, 12 Май 2021 05:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1508 раз

Үшінші мегаполистегі №53 мектеп енді генерал Сабыр Рахымовтың есімімен аталады. Салтанатты іс-шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында өтті.

760

 

«Ұмытылмас ерлік» атты іс-шараны Шымкент қалалық білім басқармасы ұйымдастырды. Барлық санитарлық талаптар сақталып өткен мерекелік жиынға Абай ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Димаш Дәуренбеков, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Бәшенов, Қарулы күштер ардагерлері ұйымының төрағасы Серікбай Омбаев, Шымкент қалалық білім басқармасының әдіскері Бақытжан Нұсқабаев және мектеп жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

761


Жиында Отан үшін жан қиған бабаларымыздың ерліктері мен оны өскелең ұрпаққа дәріптеу жайы айтылды. Ал оқушылар өздері әзірлеген концерттік бағдарламаны көпшілікке ұсынды. Мектеп қабырғасына батырдың аты жазылған тақтайша ілініп, салтанатты түрде лентасы қиылды.
Айта кетейік, Сабыр Омарұлы Рахымов 1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында ерлігімен, қолбасшылығымен көзге түскен Кеңес Одағының батыры.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.