239 ЖОБА ЖОЛ КАРТАСЫМЕН ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ Избранное

Среда, 26 Май 2021 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1967 раз

Өткен жылы Шымкентте «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 44,7 млрд теңге бөлініп, 239 жоба іске асырылды. Ондағы 32,1 млрд теңге «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ-ның қаражаты болса, 12,5 млрд теңге республикалық бюджет. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.

869

 

Қала әкімінің айтуынша, мемлекеттік бағдарламаның аясында жүзеге асырылған жобалардың ішінде 111-і инженерлік транспорттық инфрақұрылымда, 45 жоба әлеуметтік-мәдени нысандар, 45 жоба тұрғын үй коммуналдық шаруашылық болса, 38 жоба абаттандыру екен.
–Осы бағдарламаның жүзеге асырылуының нәтижесінде өткен жылы 8 753 жұмыс орны ашылды, сондай-ақ 634 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал тозығы жеткен 15 білім мекемелерінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Үш аусымда білім берудің алдын алу мақсатында екі мектеп жанынан қосымша 300 орындық оқу корпусы салынып, екі аусымда 1200 бала білім алуға мүмкіндіктер туды. Тоғыз мектепке спорт алаңшалары орналастырылып, 11 мың балаға заманға сай спортпен айналысуына жағдай жасалды, - деді қала әкімі.
Сонымен бірге 27 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен және 5 мың адам сапалы электр қуатымен қамтылған. Кәрізбен қамтылған тұрғындар саны 12 мың адамға артып, қамтылу көрсеткіші 49,1 пайыздан, 50,2 пайызға дейін өссе, жылу құбырларының тозу деңгейі 42,7пайыздан 38 пайызға төмендеген. Бұдан бөлек, «Өтеміс» каналының арнасы күрделі жөндеуден өтсе, автомобиль жолдары бойынша 109 нысан жөндеуден өткізілді. Ал 106 көп қабатты тұрғын үйдің 66 ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында атқарылған жұмыстардың барлығы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.