КӘСІПКЕР 2 СПОРТ АЛАҢШАСЫН СЫЙЛАДЫ Избранное

Среда, 26 Май 2021 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1400 раз

Үшінші мегаполисте спорт алаңшаларының саны артуда. Күні кеше тағы екі ойын алаңшасы ашылды. Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, меценат Серік Төлбасов, жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты.

868

 

Спорт алаңшалары соңғы талаптарға сай салынған, сапалы. Осылайша мұндағы үйлердің балалары мен жастары заманауи, жайлы және қауіпсіз жағдайда спортпен шұғылдануға жағдай жасалып отыр.
– Алаңшаларды ел игілігіне берген кәсіпкер Серік Қарабекұлына қала жұртшылығы, қала әкімдігі атынан алғыс айтамын. Бұл – жалғыз алаңша емес, Текесу елдімекенінде тағы бір осындай алаңша ашылады. Ал алдағы уақытта Серік Төлбасов қоры Шымкентте 7 спорт алаңшасын салып бермек. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді Мақсұт Пернебайұлы.
Серік Төлбасов қоры Шымкент қаласы әкімдігінің спорт алаңдарын салу жобасын қолдау мақсатында МЕМСТ талаптарына сәйкес келетін бірнеше спорт алаңшасын салуға 100 000 000 теңге қарастырып отыр. Құрылысты «Ферротекс» ЖШС және «Барс» компаниялары жүргізген.
– Болашақ – жан-жақты дамыған жастардың қолында. Сондықтан, біз, бизнес өкілдері, білімді, мәдениетті, салауатты өмір салтын ұстанатын жастарды тәрбиелеуге қол ұшын созып, қолдауымыз қажет. Осындай ұсыныс жасаған Шымкент қаласының әкіміне алғыс айтамыз. Кешенді қысқа мерзімде салып біттік, – деді кәсіпкер Серік Төлбасов.
Жаңа спорт алаңшасында бір мезгілде футбол, фитнес, волейбол, баскетбол сияқты бірнеше спортпен шұғылдануға болады, заманауи еден жабыны бар, қоршалған.
Айта кету керек, Серік Төлбасовтың 2007 жылы негізі қаланған жеке қоры қала әкімдігінің спорт алаңшаларының санын көбейту жөніндегі ұсынысына бірінші болып үн қосқан. Жалпы, алдағы уақытта Шымкенттегі спорт және ойын алаңшалараның саны 115-ке жетеді деп күтілуде.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.