Кеше тұрғындарға пәтер кілті табысталды. Оның ішінде, 42 пәтер - көпбалалы отбасыларға, 97 пәтер - халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелеріне, 8 пәтер - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға берілді. Аталған көпқабатты тұрғын үйлер Тұран, Тұрлан, Асар 2 шағынаудандарынан бөлінген.
Каратиндік режимге байланысты пәтердің кілттері тұрғын үйлердің бақылаушылары арқылы тұрғындарға жеткізілді. Солардың бірі жеті жыл баспана кезегінде тұрған шымкенттік Құралай Тоқмұрзаева пәтерлі болып, жаңа қонысқа көшті.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың сәуір айында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған 161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер қолданысқа берілсе, алдағы уақытта 369 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарлануда.