Версия для печати

Қайырымды қалада қайырлы іс көп Избранное

Среда, 02 Июнь 2021 04:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2013 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

920

 

Шаhар басшысы кездесу барысында қала аумағындағы діни ахуал мәселелері, қайырымдылық бағытындағы жұмыстар, мешіттер төңірегінде сұхбаттасты. Биыл қала әкімінің тікелей қолдауымен 75 мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді және ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қолдауымен «Рамазан – қайырымдылық айы» іс-шарасы өтті.
Жалпы жергілікті мешіттер мен әкімдік арасында көптеген тағылымы мол жұмыстар атқарылуда.
Қала әкімі ҚМДБ-ның бастамаларына, бірлесе атқарылатын іс-шараларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетсек, Шымкент қаласында 89 мешіт ҚМДБ-на филиал болып тіркелген. «Шымкент» медресе-колледжінде ерлер мен қыздар бөлімі қатар жұмыс істейді. Және де ҚМДБ-ға қарасты бір «Ықылас» қарилар дайындау орталығында 70 шәкірт, «Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti» жеке қайырымдылық мекемесінде 40 шәкірт онлайн тәлім алуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.