Жаңа кітап жарыққа шықты Избранное

Среда, 02 Июнь 2021 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2073 раз

Шымкент қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында Наурызбай қажы Тағанұлының «Бас мүфти тағылымы» атты кітабының тұсауы шешілді. Шара барысында ғылыми кітапхананың оқу залында «Мүфтият» рухани, танымдық имандылық бұрышының ашылу шарасы өтті.

921

 

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және ҚМДБ Аппарат басшысы Ғалимбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, ҚМБД-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров және Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қатысты.
Кітап белгілі дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтің құрастыруымен жарық көрді. Автордың бұған дейін де 50-ден астам кітабы мен 200-ден аса ғылыми мақалалары жарияланған.
– Наурызбай қажы Тағанұлының Алла жолында, халық жолында дін өкілдері атынан жасап жүрген игі шаралары көп. Бұл кітап мұсылман бауыр үшін, мыңдаған шәкірттер үшін пайдасы орасан зор. Кітапта иман мен дін жолы, Пайғамбар жолы, ата-ана, жастар, тәрбие туралы қамтылған, бұл құнды еңбек даналыққа, ізгілікке баулитын кітап, - деді Отырар ауданының Құрметті азаматы Сағынай Құралбек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.