СТАДИОН МАҢЫ ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛДЫ Избранное

Пятница, 04 Июнь 2021 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1032 раз

Шымкентте көрікті жерлер көбеюде. Тұрғындар бір сәт тынығып, отбасымен сергіп алатын орындар абаттандырылып, ел игілігіне ұсынылуда. Сондай көрікті орынның бірі – «Спорт» гүлзары.

930

 

Қажымұқан атындағы стадион маңында орналасқан гүлзардың аумағы 1 гектардан асады. Бұл орынды абаттандырып, көріктендіру жұмыстары өткен жылдың соңында аяқталып, пайдалануға берілген. Құрылысты Шымкент қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының тапсырмасымен бас мердігер «Шымкент Спец Комплекс» ЖШС атқарған.
– Мұнда 5560 шаршы метр жерге плита тақтайшалар төселіп, 68 дана жарықшам, 50 дана шағын сәулеттік пішіндер орнатылды. Оған қосымша фонтан да бар, – дейді Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы Дархан Тұрғанбай.

931


Демалыс орны бүгінде энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасынан қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының балансына өткізіліп, басқарма мамандары күтім жасауда.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.